Қатерлі ісіктің қалай алдын алуға болады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Редакциямыздың ресми сауалына жауап берген Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті мамандары онологиялық аурулардың алдын алуға бағытталған кеңестер берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ведомство мамандарының мәлімдеуінше, қатерлі ісіктің алдын алуға болады, ол үшін:
- Уақытылы медициналық тексеруден өту (скрининг) қажет;
- Дұрыс тамақтанған жөн;
- Темекі шекпеңіз, алкогольді ішімдік ішуді шектеу қажет;
- Қалыпты дене салмағын сақтау маңызды;
- Күнделікті өмірде физикалық белсенді болыңыз;
- Шамадан тыс күн астында жүрмеңіз, бұл әсіресе балаларға қатысты;
- Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін сақтай отырып, қатерлі ісік тудыратын заттардың әсерінен өзіңізді қорғаңыз;
Ал әйелдер үшін:
- емшек сүтімен емізу ананың қатерлі ісікке шалдығу қаупін азайтады;
- қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің даму қаупін арттыратын гормондарды алмастыратын терапияларды шектеңіз.
Балалар үшін:
- В гепатитіне (жаңа туған нәрестелер үшін), адам папиллома вирусына (қыздар үшін) қарсы вакцина салдыру маңызды.
Қоса кетсек, Қазақстанда онкологиямен ауыратын 210 мыңнан астам адам есепте тұр.
Кейінгі 2 жылда жастардан қатерлі ісік жиі анықталып жатыр.
Осыған байланысты министрлік қатерлі ісіктің өршуіне себеп болған басты факторларды атады.
Жалпы жыл сайын онокологияға шалдыққан науқастарды емдеуге 36 млрд теңге бөлінеді.