Катонқарағай ауданында өзен арнасынан шығып, ауылды су баса жаздады

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында үйлерді су басу қаупі сейілді, деп хабарлайды Kazinform.

су басты
Фото: видеодан алынған скрин

Кеше Катонқарағай ауданындағы Өрел өзені арнасынан асып, су 3 үйге кіріп, 9 үйдің ауласына жайылған болатын.

Соған байланысты арнайы техникалар жұмылдырылып, мотопомпалармен су сорылып, сыртқа шығарылған.

Құм салынған қаптардан бөгеттер қойылып, өзен арнасын қар-мұздан тазарту жұмысы қолға алынды.

«15 желтоқсан сағат 14.00-де Өрел өзенінің арнасы қар-мұздан толықтай тазартылды. Үйлер мен аулаларды су басу қаупі жоқ», — дейді Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалиқан.

Еске салсақ, Өрелдегі су деңгейінің көтерілуіне күннің күрт суытуына байланысты өзен арнасына мұз қатуы себеп болған

Соңғы жаңалықтар