ШҚО-ның Катонқарағай ауданына қыркүйекте қар түсті
КАТОНҚАРАҒАЙ. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Катонқарағай ауданының тауларында сирек кездесетін жағдайдың куәсі болды. Мұнда қыркүйек айында қар түсті.
Куәгерлердің айтуынша, Бұрхат шатқалы бірнеше тәуліктен бері қар жамылып жатыр.

-Үш-төрт сантиметрге жуық қар жауды. Қар Сарымсақты мен Тарбағатай жоталарына жауған. Біздің жақта мұндай жағдай қыркүйектің өзінде болып тұрады. Ал туристер үшін үш ай жаздан кейін бірден қарды көру өте қызық,- деді туристік компания директорының орынбасары Айдар Елубаев.

Катонқарағай ұлттық паркі ауа температурасының күрт өзгеруімен және ландшафттың әралуандылығымен танымал. Туроператорлар мұнда күзде алтын түстес жапырақтардың қар басқан шыңдарды әрлендіріп тұратынын айтады. Бұл өз кезегінде тауларды туристер үшін өте тартымды етеді.
Осыған дейін Катонқарағайда қонақүй тапшылығы мәселесі өзектілігін жоймай тұрғаны туралы жаздық.