Қатты желден елордаға қандай залал келіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты (желдің екпіні 26 м/с дейін) табиғи сипаттағы бір төтенше жағдай тіркелгенін хабарлайды.
Қатты желден елорданың бірнеше ауданы жарықсыз қалды.
«ТЖД жоспарлау және жедел басқару орталығына болған оқиғалар бойынша 19 хабарлама келіп түсті. Оның ішінде: мұнара кранының құлауы-1, шатыр конструкцияларының қирауы – 8, әкімшілік ғимараттардың шатырының қирауы - 2, балкон конструкциясының бұзылуы-1, ғимараттар мен ағаштардың қаптамасының фрагменттерімен автомобильдердің зақымдануы - 6, басқа да зақымдар – 1», - делінген хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, төтенше жағдай инспекторлары қатты желден қираған орындарға барып, белгілеп жатыр.
«6-7 қарашада Астана қаласында қатты жел, көктайғақ, боран күтілетіні туралы дауылды ескерту жарияланды. Оңтүстік-батыс жел 15-20 м/с, екпіні 23-28, кейде 30 м/с және одан да қатты болуы ықтимал. 6 қарашада сағат 21-00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты қар, боран, көрінудің шектелуінен) «Астана – Петропавл», сағат 23-00 «Екатеринбург-Алматы» және 7 қарашада 01-03 «Астана - Павлодар облысының шекарасы республикалық маңызы бар автожолдар барлық қозғалыс жабылды», - деген мәлімет алдық ТЖД-дан.
Бүгін таңғы сағат 8-30-дан бастап ауа райы тұрақталып, Астана қаласынан республикалық маңызы бар барлық автожол бойынша қозғалыс қайта ашылды.
Осыған орай Астана қаласы ТЖД бұршақ пен қатты жел кезінде жарақат пен жарақат алмау үшін қатты жел кезінде азаматтар қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);
- балаларды ерекше бақылауға алыңыз және оларды қараусыз қалдырмау маңызды;
- егер қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберісте немесе дүкенде паналаңыз;
- үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатырлардан шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;
- қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың астында, ағаштарда, аяқталмаған ғимараттарда жасыруға болмайды;
- қатты жел кезінде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;
- жеке автокөлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.
Төтенше жағдайлар кезінде «101» және «112» нөміріне хабарласу керек.
Айта кетсек, кешеден бері елордада қатты жел соғып, қолайсыз ауа райы қала тұрғындарын әбігерге салып жатыр.