Қатты желге байланысты Павлодар облысының барлық аймағында сабақтар онлайнға көшірілді

АСТАНА. KAZINFORM - Павлодар облысында қатты желдің салдарынан мектептердегі сабақтар тоқтатылып, онлайнға ауыстырылды. 1-11 сынып оқушылары және колледжердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқып жатыр.

Алматыда оқушылар ауа райына байланысты екі күн қашықтан оқиды
Фото: Pixabay

Бүгін Павлодар қаласының мектептерінде бірінші ауысымдағы мектепалды, 1-11 сынып оқушыларының, колледждерде 1-2 курс (9-сыныптан кейін түскен) студенттердің сабақтары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Қаладағы температура - 1 градус, желдің күші секундына 14-25 метр.

Өңірлік білім беру басқармасынан хабарлағандай, сабақтардың қашықтан оқуға көшірілуі барлық аймақтарда байқалған.

- «Қазгидромет» мекемесінің бекіткен параметрлеріне сәйкес, аудан-қалалар өздеріндегі сабақтарды онлайнға көшірді. Кейбір аумақта ол желдің жылдамдығы мен ауа температурасына байланысты бастауыш сыныптарға ғана қолданылды. Қазіргі уақытта өңірдегі барлық оқушылардың онлайн негізде білім алуына жағдай қарастырылған. Қажеттіліктеріне орай кейбір балалар компьютерлік техникамен қамтылған,-деп мәлімдеді басқармадан.

Еске сала кетейік, Астанада 7 сыныпқа дейінгі оқушылар сабақты қашықтан оқиды.

 

Соңғы жаңалықтар