Қауесеттерге пікір білдіргім келмейді - Сергей Лавров

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімнен АҚШ президенті Дональд Трамптың шыққысы келетіні туралы БАҚ-тың мәліметіне қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қауесеттерге пікір білдіргім келмейді - Сергей Лавров

«Мен сыбыстарға пікір білдіргім келмейді. БАҚ-тың пікірімен үшін құрметті, десе де бұл тек қана болжам ғана. Біз Ақ үйден президентТрамптың АҚШ-тың Иранның ядролық бағдарламасын реттеу турасындағы келіссөздерге араласу ниеті барын естіп жатамыз. Біз бұл келісім шынында да, халықаралық қоғамдастықтың қол жеткізген ең маңызды жетістіктерінің бірі деген ойдамыз. Келісімнің жүзеге асуы ядролық қарулардың таралып кетпеу тәртібіне үлесін қосар деген үміттеміз», - дейді РФ СІМ басшысы.

Лавров сонымен қатар, Иранның ядролық бағдарламасына АҚШ-тың араласуын маңызды фактор екенін мәлім етті.

«Халықаралық қоғамдастықтар мен еуропалық елдердің байланыстары жұмыстың нәтижесіз аяқталмайтынын көрсетіп отыр. АҚШ президентінің соңғы шешімі таразыланған әрі бүгінгі күннің талабына сай болады деген үміт бар», - дейді ол.     

Еске сала кетсек, Иран мен Ұлыбритания, Германия, Қытай,Ресей, АҚШ пен Франция елдері 2015 жылдың 14 шілдесінде көп жыл бойы даудың өзегі болып келе жатқан ирандық атомға қатысты тарихи келісімге келген болатын.

Келісім бойынша әрекеттердің бірлескен жоспары қабылданған. Ол жоспар іскеасқан жағдайда осы уақытқа дейін БҰҰ, АҚШ пен Еуроодақ тарапынан Иранға салынған қаржылық және экономикалық санкциялар күшін жоймақ. Бұған дейін америкалық БАҚ Трамптың келісімнен шыққысы келетіні туралы жазған болатын. Ал қалған бестіктің бәрі келісімге бір ауыздан қолдап отыр.