«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізудің барысы жол-көлік оқиғаларының азайғанын көрсетті

Алайда, апаттылықтың негізгі көрсеткіштерінің азайғанына қарамастан елімізде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету күрделі болып қалуда, деп хабарлайды ІІМ Әкімшілік полиция комитетінен.
Есептік кезеңде 14 (+16,7%) ірі ЖКО тіркеліп, онда 94 (+44,6%) адам қаза тапты және 53 (+231,3%) адам жарақат алды.
Жол қозғалысы ережелерінің (ЖҚЕ) талаптарын сақтауға жол полициясының қадағалауын күшейту, бұл ЖКО ескертудің бірден-бір тиімді әдісі болып табылатынын тәжірибе көрсетті.
Осыған байланысты, жолдарда апаттылықтың жай-күйін одан әрі тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ 2010 жылғы тамыздың 9-ы мен 15-і аралығында жалпыреспубликалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізуде.
Жолдарда жол полициясы жасақтарының саны көбейтілді, жеке құрамның жұмысы ЖКО-ның болуына соқтыратын ЖҚЕ-ны ең қауіпті бұзушылықтарды айқындау мен жолын кесуге бағытталған.
Операцияны өткізудің алғашқы екі күнінің ішінде ЖҚЕ-ны 14 мыңға жуық бұзушылық айқындалды. 429 жүргізушілер көлікті мас күйде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жылдамдық тәртібін асырғаны үшін 3 мыңға жуық жүргізушілерге, қарсы жолдың бағытына шыққаны үшін 227 жүргізушіге айыппұл салынды, көлік құралдарын тиісті құжаттарсыз басқарудың 900-ге жуық фактісі айқындалды. ЖҚЕ мен көлікті пайдаланудың жолаушылар көлігінің жүргізушілерімен жасалған 477 бұзушылығы, мемлекеттік көліктің жүргізушілерімен жасалған 97 бұзушылығы анықталды. Сондай-ақ іс-шараны өткізу кезінде ЖҚЕ бұзғандығы үшін 400-ге жуық жаяу жүргіншілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.