«Қауіпсіздік белдігі» жедел алдын алу шарасының үш күнінде павлодарлық полицейлер «белдік тақпаған» 219 жүргізушіні және екеуін есірткіге еліткен күйінде ұстады

ПАВЛОДАР. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодар облысында үшкүндік «Қауіпсіздік белдігі» жедел алдын алу шарасының барысында жолдарда көлік жүргізу кезінде «белдік тақпаған» 219 жүргізушіні анықтады, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.
None
None

Жедел алдын алу шарасының барысында бас-аяғы жол қозғалыс ережесінің 562 бұзушылығы анықталды. 44 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды.

Павлодардың полицейлері жолда 1987 жылғы жігітті тоқтатты, тексеру кезінде оның анаша тартқаны анықталды. Сондай-ақ Екібастұз инспекторлары морфий қабылдаған соң, рөлге отырған 1986 жылғы азаматты ұстады.

Жүргізушілер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтың 467 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар