Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Украинадағы жағдай талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті отырыс барысында халықаралық күн тәртібінің өзекті жайттары, атап айтқанда, Украинадағы ахуал талқыланды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
None
None

«Бұған қоса, осы оқиғалардың еліміздің экономикалық дамуына ықпал етуіне қатысты мәселелер қаралды. Талқылау қорытындысында Қазақстан Президенті Украина төңірегіндегі оқиғалар ауанында әлемдік саясат пен экономикада қалыптасып отырған факторлар мен үрдістерді практикалық жұмыс барысында ескеру қажеттігіне назар аударды», деп атап өтілген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы экономика өсімін және елімізді дамытудың белгіленген жоспарларының орындалуын одан әрі қамтамасыз етуге бағытталған шешімдер қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар