Қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған 582 өнеркәсіптің жұмысы тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өндіріс орнында қауіпсіздік талаптарын орындамай келген 500-ден астам нысан жұмысын тоқтатты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Өндіріс орындарында заңға сай мемлекеттік қадағалау қауіптің алдын алу мақсатында жүзеге асырылады. Инспекторлар өндіріс орындарының жұмысын тексергеннен кейін тиісті шара қабылданады. Адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупін тудыратын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзғаны үшін 582 нысанның (объект) жұмысы тоқтатылды», - деді Нығмеджан Мақажанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қауіптің алдын алуда өндіріс орындарындағы тозып, ескірген техникалық жабдықтарды ауыстыру маңызды.

«Ескірген құрал-жабдықты істен шығарып, жаңаға ауыстыру бекітілген жоспарға сай жүргізіледі. Биыл өндіріс нысандарында 3 267 технологиялық жабдықты (3 152 техникалық құрылғы және 115 технологиялық желі) ауыстыру жоспарланған. Өңірлер бойынша ауыстыруға жататын жабдықтардың негізгі бөлігі Павлодар (653 бірлік), Қарағанды (594 бірлік) және ШҚО-ға (524 бірлік) тиесілі», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар