Қауіпсіздік белдігін тақпаған 5 мыңнан астам павлодарлық айыппұл арқалады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM -Ертіс-Баян өңірінде жыл басынан қауіпсіздік белдігін елемеген 5506 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлер бір жыл ішінде заң бұзушылық қайталанса, айыппұл санкциялары екі есеге артатынын ескертіп отыр.

айыппұл көлік
Фото: Павлодар облысы полиция департаменті

Көлікте қауіпсіздік белдігін тағу - жүргізуші мен жолаушылардың өмірін қорғаудың маңызды әрекеттерінің бірі екенін әрбір автокөлік жүргізушісі біледі. Белдік ауыр жарақаттардың алдын алуға көмектеседі және апаттар кезінде өлім қаупін азайтады. Сонымен қатар, апат кезінде немесе қатты тежеу жағдайында бекітілген қауіпсіздік белдігі жүргізуші мен жолаушыларды орнында ұстап қалады. Бұл көлік құралының ішкі элементтерімен соқтығысуға немесе терезеден шығып кетуге жол бермейді. 

- Өкінішке қарай, қауіпсіздік белдігін бәрі бірдей қолдана бермейді. Жүргізушілер мен жолаушылар оны тақпау үшін көптеген себептерді ойлап табады. Жыл басынан 5506 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір жыл ішінде бұл ереже қайтадан бұзылған жағдайда айыппұл санкциялары екі есеге артады,-деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.

Тәртіп сақшылары іс жүзінде апаттардан зардап шеккен адамдар бұл ережені елемей, ауыр жарақат алған жағдайлар аз емес екенін айтады. Бұл әсіресе балаларды көліктерде тасымалдайтын автокөлік жүргізушілеріне қатысты. Жалпы қабылданған нормалар бар, оларды қатаң сақтау керек.

Еске сала кетейік, Павлодарда мотоциклші электр бағанына соғылып, мерт болды.

Соңғы жаңалықтар