Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Бауыржан Шәлекенов ҚР Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі тағайындалды
Фото: freepik

Тиісті өкімге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылғы 16 қарашада хабарлады.

— Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Болатұлы Шәлекенов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Аппаратының ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен жиын өткізгенін жазғанбыз.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2026 жылғы 16 қарашада Марат Ирменовті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп тағайындалғанын хабарлаған едік.