Кавказ елдерінде сайлау учаскелері ашылды
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Баку, Ереван және Тбилисиде сайлау учаскелері ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 20 қазанында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы жарлық шығарған болатын.
Бүгін 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды.
Сонымен қатар, ең бірінші болып парламенттік сайлауда дауыс берген Оңтүстік Кореядағы Корё университетінің студенті, Қазақстан азаматы - АделинаАлпамыс болды.

