Қай ауруға болса да қарсы тұрар қайың шырыны туралы білеміз бе?

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ ғалымдары қайың шырынының пайдалылығын анықтағалы бұл елде аталған табиғи сусын қазір таптырмас тауарға айналған. Оны барлық спорт залдарда, мейрамханалар мен дәмханаларда тіпті, жанар-жағар май бекеттерінде де сатады, деп жазады Росбалт жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Сондай-ақ, Британияның Ланкастер университеті зерттеушілері қайың шырыны құрамында С витамині, кальций, калий, цинк секілді пайдалы элементтер бар екенін және оның иммунитетті күшейтіп, адам ағзасының жасаруына жәрдем ететіні анықтаған. Жалпы, медицинада қайың жапырақтары, қайың шырыны, қайыңның қабығы мен қайың бүршігі жиі қолданылады. Осылардың барлығының адам денсаулығына деген пайдасы толассыз. Медициналық оқулықтардың мәліметінше, қайың шырыны құрамында емдік заттар, эфир майлары, дәрумендер мен микроэлементтер және 2% мөлшерінде жеміс қанты бар. 10-нан астам органикалық қышқылдан тұратын шырынның бір грамының тығыздығы - 1,0007-1,0046 мл-ге тең. Халықтық медицина қайың сөлін ағзаны нығайтқыш, зәр айдағыш дәрі ретінде қолданады. Сонымен бірге қышыма, теміреткі немесе безеу пайда болғанда теріге жағады. Қайың шырыны шаштың түсуін тоқтатады. Сусын өкпе, бүйрек, ревматизм ауруларына да ем бола алады. Әлемде бұл шырынды өндіру жөнінен Беларусь, Украина және Ресей елдері көш бастайды. КСРО кезінде бұл елдерде қайың сөлін өндірудің ұзақ жылдық тәжірибесі қалыптасқан.

Соңғы жаңалықтар
telegram