Қай облыста автосақтандыру құны арзан

АСТАНА. KAZINFORM — Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026 жылға арналған автосақтандырудың өңірлік коэффициенттерін жариялады. 

Қай облыста автосақтандыру құны арзан
Фото: freepik

— Көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың 2026 жылға арналған сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын түзету коэффициенттерінің мынадай мөлшері бекітілсін, — деп жазылған қаулыда.

Сонымен, сақтандыру сыйлықақысы ең төмен өңірлердің қатарын Атырау облысы бастаса, ең жоғары коэффицент Қызылорда облысында.

• Астана — 1,44

• Алматы — 0,71

• Шымкент — 1,61

• Алмат облысы — 1,44

• Жетісу — 1,20

• Түркістан облысы — 1,69

• ШҚО — 0,72

• Абай облысы — 0,80

• Қостанай облысы — 1,11

• Қарағанды облысы — 1,18

• Ұлытау облысы — 0,99

• СҚО — 0,67

• Ақмола облысы — 1,08

• Павлодар облысы — 0,82

• Жамбыл облысы — 1,74

• Ақтөбе облысы — 1,02

• БҚО — 1,19

• Қызылорда облысы — 1,85

• Атырау облысы– 0,48

• Маңғыстау облысы — 0,79

Бұған дейін биыл сақтандыру секторының активтері 3,8 трлн теңгеге жеткенін жазған едік

Соңғы жаңалықтар