Қай өңірде пробациялық бақылауға алынғандар саны көп
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы І тоқсанда Қазақстанда қанша адам пробациялық бақылауда болғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ішкі істер минстрлігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сай, елімізде 28 591 адам пробация қызметінің есебінде тұр. Бақылаудағы адамдар Шымкент қаласы мен Түркістан облысында көп.
Астана қаласында – 2 810 адам;
Алматы қаласында – 2 604 адам;
Шымкент қаласы және Түркістан облысында – 3 465 адам;
Ақмола облысында – 1 491 адам;
Ақтөбе облысында – 1 213 адам;
Алматы және Жетісу облыстарында – 3 284 адам;
Атырау облысында – 1 196 адам;
Шығыс Қазақстан облысында – 808 адам;
Абай облысында – 1 415 адам;
Жамбыл облысында – 1 568 адам;
Батыс Қазақстан облысында – 1 159 адам;
Қарағанды және Ұлытау облыстарында – 1 822 адам;
Қостанай облысында– 1 428 адам;
Қызылорда облысында – 1 032 адам;
Маңғыстау облысында – 1 088 адам;
Павлодар облысында – 1 390 адам;
Солтүстік Қазақстан облысында – 818 адам.
Қоса кетсек, бұған дейін Алматыда пробация есебіндегі адамдар квотамен жұмысқа орналасқанын хабарлаған едік.