Қай өңірдің тұрғындары Конституциялық сотқа жиі жүгінеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл сауалға Конституциялық сот әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

«Конституциялық Соттың атына азаматтардан шағымдардың келіп түсуі жалғасуда.

Конституциялық бақылау органының алғашқы айдағы жұмысының қорытындысы бойынша қаңтар айында 800-ден астам өтініш тіркелді», - деп жазды ведомство.

Өтініш берушілердің басым бөлігі әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша шығарылған сот актілерімен келіспей шағымданған (36%). Екінші орында – зейнетақы саласына қатысты өтініштер (17%). Ал құқықтық актілердің Конституцияға қайшы келетін тұстарына шағым саны 14%-ды құрады.

«Осы аталғандармен қатар, азаматтардан еңбек және тұрғын үй заңнамасы, әлеуметтік қамсыздандыру, ақпаратқа қол жеткізу және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы нақты жағдайларға байланысты өтініштер түсті.

Ең көп өтініш Астана және Алматы қалаларының, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының тұрғындарынан қабылданған», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар