Қай өңір балық өнімдерін көп тұтынады

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылдың қаңтар–қазан аралығында нақты мәнде 36,2 мың тонна салқындатылған және мұздатылған балық өндірілді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

Қай өңір балық өнімдерін көп тұтынады
Фото: Pexels

Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6 мың тоннаға көп. Жалпы өндіріс өткен жылдың қаңтар–қазан айларымен салыстырғанда 18,4% өсті.

Консервіленген балық, уылдырық және оның баламаларын өндіру көлемі де аталған кезеңде 18,6% артты. Егер биылғы жылдың 10 айында қазақстандық өндірушілер 12,3 мың тонна өнім шығарса, өткен жылдың осындай кезеңінде бұл көрсеткіш 10,4 мың тонна болған.

2025 жылдың екінші тоқсанында балық және теңіз өнімдерін орташа тұтыну бір адамға шаққанда тоқсанына 3,5 кг болды. Оның ішінде жаңа ауланған немесе салқындатылған балық - 2,3 кг, мұздатылған балық - 0,3 кг, майшабақ - 0,2 кг, консервіленген балық - 0,1 кг.

Өңірлер арасында балық өнімдерін ең жоғары тұтыну Солтүстік Қазақстан облысында байқалды - тоқсанына жан басына шаққанда 5,7 кг. Ақмола облысында - 5,6 кг, Атырау облысында - 5 кг, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында - 4,9 кг-нан. Ең төмен көрсеткіш Шымкентте тіркелді - тоқсанына жан басына 1,1 кг. 

Айта кетелік ШҚО-да жылына 50 тонна өнім беретін балық өсіру кешені салынады

Соңғы жаңалықтар