Қай өңірлерде телефон, көлік, мал ұрлығы көп – статистика
ҚР Бас прокуратурасы қай өңірде қандай ұрлық түрлері дендеп тұрғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы Қазақстанда биылғы сегіз айда ұрлық (Қылмыстық кодекстің 188-бабы) 28,2% төмендегені байқалады (өткен жылы – 42 752, биыл – 30 173 іс).
Ұрлық көп жасалатын өңірлер:
- Алматы қаласы – 7154,
- Астана қаласы – 3541,
- Алматы облысы – 2197,
- Қарағанды облысы – 2114,
- Қостанай облысы – 1519,
- Ақтөбе облысы – 1413
- Шымкент қаласы – 1447
Елде ұялы телефон ұрлығы да төмендеген – 11,3%. Сегіз айда барлығы 7967 (былтыр – 8984 іс) қылмыстық тіркелген.
Ұялы телефондар көп ұрланатындар өңірлер:
- Алматы қаласы – 2287,
- Астана қаласы – 844,
- Алматы облысы – 576,
- Қарағанды облысы – 527,
- Ақтөбе облысы – 424,
- Абай облысы – 431
- Шымкент қаласы – 467.
Көлік ұрлығына баратындар да азайған. Аталған кезеңде 197 қылмыстық тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,3% төмен.
Пәтерге ұрлыққа түсу бойынша: қылмыс саны 3303-тен 2707-ге немесе 18% төмендеген.
Бөтеннің малын иемденуге қатысты: 960 қылмыстық жасалды, төмендеу – 17,7%.
Мал ұрлығы фактілерінің дені келесі өңірлерде тіркелген:
- Алматы қаласы – 172,
- Батыс Қазақстан облысы – 124,
- Түркістан облысы – 124,
- Жетісу облысы – 93,
- Жамбыл облысы – 68,
- Абай облысы – 66
Мәліметтер Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің статистикалық деректерінен алынған.