Қай жастағы адамдардың суға батуы жиі кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда қай жастағы адамдар суға жиі батып кетеді? Еліміздің орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында осындай сұраққа жауап берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қай жастағы адамдардың суға батуы жиі кездеседі

«Кәмелет жасына толмағандар бойынша 14 жастағылар суға жиі батып кетеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 14 жастағы жасөспірімдер суға батып кетуден үшінші орында тұр. Ал суға кетуден ересектер бойынша – 43 жас», - деп жауап берді Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш.

Айта кетсек, бұған дейін жыл басынан бері 40 бала мен жасөспірім суға батып кеткені туралы хабарлаған едік. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, суға бату фактілерінің 97%-ы шомылуға тыйым салынған жерлерде болады. Соңғы 3 жыл ішінде мыңнан астам қазақстандықтың өмірі суға кетіп қиылған.