Қайғылы оқиғаны тексеретін Үкімет комиссиясы Жамбыл облысына келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов бастаған Үкімет комиссиясы жұма күні қар көшкіні салдарынан әскери қызметшілер қаза тапқан Жамбыл облысына келді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Үкімет комиссиясының құрамына Қорғаныс министрінің орынбасары Т.Мұхтаров, Қаржы вице-министрі Т.Савельева, Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Жақыпова, Денсаулық сақтау вице-министрі А.Цой және Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков кірді.

Комиссия мүшелері оқиға орнында төтенше жағдайдың себебін анықтап, қаза тапқандардың отбасына көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырумен айналысады. Бұл мәселе ҚР  Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың жеке бақылауында . 

Соңғы жаңалықтар