Қайықта отырған кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек
АСТАНА. KAZINFORM – ТЖМ мамандары қайықта отырған кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін еске салады.

Өйткені, кеше Түркістан облысындағы Шардара су қоймасына екі балықшы резеңке қайықпен балық аулауға шыққан, қараңғы түсіп кетіп, адасқан жігіттер жағалауға жете алмай қалған.
Құтқарушылар оқиға орнына тез жетіп, 1986 жылы туған ер адамдарды жағадан 1 шақырым қашықтықтан тауып алды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
- Мұндай жағдайда ең алдымен құтқару кеудешесін киіңіз.
Қайықты жүк көтергіштігі бойынша қатаң түрде толтырыңыз.
Қайыққа отырар алдында оны мұқият тексеріп, жарамдылығы мен беріктігіне көз жеткізіңіз. Онда құтқару дөңгелегі мен су төгетін шөміш міндетті түрде болуы керек.
Қайықтың қозғалысы кезінде аунап кетуді болдырмау үшін орындарды ауыстыруға және қайыққа отыруға болмайды.
Су айдынында қайықты қатты жел мен толқынға қырынан ұстаңыз.
Дауылды ескерту кезінде суға шықпаңыз, - деп ескертті мамандар.
Көмек керек болса, дереу 112 нөміріне телефон шалу қажет.
Айта кетейік, ТЖМ дерегінше, суға батып кеткендердің 95 пайызы рұқсат етілмеген жерде шомылған.