Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ иелері анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың 30 қыркүйегінде Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру жөніндегі конкурс комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ иелері анықталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, сарапшылар және ҚР Парламентінің депутаттары кірді.

Құрметті атақ 2023 жылдан бері тағайындалып келеді. Осы уақыт ішінде барлығы 131 қайырымды жан осы мәртебелі атаққа ие болды.

Биыл конкурсқа 103 өтінім түсті. Оларды бағалау нәтижесінде ең жоғары ұпай жинағандар жеңімпаз атанды.

Марапаттау рәсімі 2025 жылғы 15 қазанда Астанада өтетін Қазақстанның XII Азаматтық форумы аясында салтанатты түрде өтеді.

Бұдан бұрын жақында Қызылордада IV Ұлттық қайырымдылық конференциясы өткенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар