Қайыркелдіде жаңа газ жобасы іске қосылды: 70 мың адам газбен қамтылады
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Энергетика министрлігі Қызылорда облысындағы Қайыркелді кен орнында газ жобасын іске асырудың басталғаны туралы хабарлады.

Жобаны іске асыру Президент Жолдауында баяндалған тапсырмаларын орындау және елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту, ресурстық базаны кеңейту және өңірлердің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету.
Ведомствоның мәліметінше, бірінші кезеңде газ өндіру жылына шамамен 8 млн м3 құрайды, кейіннен көлемі жылына 24 млн м3 дейін ұлғаяды деп күтіледі. Жобаны іске асыру нәтижесінде 70 мыңға дейін адамды табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Шикізатты өңдеу «Қазгермұнай» БК ЖШС қуаттылығында жүзеге асырылады және одан әрі «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ға жеткізіледі. Жобаны іске қосу Энергетика министрлігінің «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Қазгермұнай» БК ЖШС-мен жүйелі өзара іс-қимылының арқасында мүмкін болды. Министрлік іске асырудың барлық кезеңдерінде ұйымдастырушылық және әдістемелік қолдау көрсетіп отыр.
— Қайыркелді кен орнынан шыққан газ энергетика министрлігі бекіткен «QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен бірлесіп келіскен жаңа ынталандырушы формула бойынша сатылатын болады, бұл өндіру мен өңдеудің экономикалық орындылығын қамтамасыз етеді. Жобаны іске қосу жаңа жұмыс орындарын құруға, Қызылорда облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға және ел халқын сенімді және қолжетімді энергия ресурстарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, елімізде жаңа мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылып жатыр.