13:41, 22 Қазан 2013 | GMT +5
«Қайрақкөлік» шекара бекетінде діни әдебиеттер алынды
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Қостанай аумағындағы «Қайрақкөлік» шекара наряды Қазақстан-Ресей шекарасында ресейлік 4 азаматты ұстады. Ұсталғандардың Рашид есімді ең үлкені 43 жаста болса, Абдурасул есімді ең кішісі 16 жаста.

Олар шекара бұзушы болмағанымен, мінген «ВАЗ-21113» автокөлігін тексеру кезінде салонынан заңсыз түрде алып өтпекші болған араб тіліндегі діни кітаптар табылды. Жалпы саны 60 данадан астам діни кітаптарды Қазақстаннан Ресейге апармақ ниетте болғаны анықталды.
Аталған дерек бойынша арнайы жұмыстар жүргізілуде, әдебиеттер алынып, сараптама тағайындалды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.