08:30, 03 Қаңтар 2026 | GMT +5
«Қайрат» 2026 жылғы алғашқы жиынын Абу-Дабиде өткізеді
АСТАНА. KAZINFORM — 4 қаңтар күні таңертең ерте «Қайрат» Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанып, 15 қаңтарға дейін жалғасатын оқу-жаттығу жиынын өткізбек. Бұл туралы футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.
Жиынның негізгі мақсаты — оңтайлы физикалық формаға келу және ресми матчтарға дайындық.
2 қаңтарда команда үш апталық демалыстан кейін базаға жиналып, бастапқы медициналық тексеруден өткені хабарланды.
Абу-Дабиде командамыз екі бақылау кездесуін өткізеді:
- 9 қаңтар «Нефтчи»
- 14 қаңтар «Вараждин»
Еске салсақ, 20 қаңтарда сары-қаралар Астанада бельгиялық «Брюггемен» ойнайды, ал 28 қаңтарда Лондонда УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы матчты «Арсеналға» қарсы өткізеді.
Бұдан бұрын «Қайрат» әлемдегі үздік футбол клубтарының қатарына енгенін жазғанбыз.