Қайрат Әбдірахманов ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

null

Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы Талдықорған облысы Панфилов ауылында (қазір - Алматы облысы Жаркент ауылы) дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген (1987).

1987-91 - Қазақ политехникалық институтының тарих пәні бойынша мұғалімі.

1991-93 - ҚМУ аспиранты.

1993-97 - Қазақстан СІМ 3-ші, 2-ші хатшысы, бөлім бастығы, Азия елдері басқармасы бастығының орынбасары.

1997 - ҚР СІМ Азия елдері департаменті директорының орынбасары.

1997-98 - ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы, 4-ші департамент директорының орынбасары.

1998-99 - ҚР СІМ 3-ші департаменті, екіжақты ынтымақтастық департаментінің директоры.

1999-2001 - ҚР сыртқы істер вице-министрі.

2001-2003 - Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің кеңесші-уәкілі.

Сәуір, 2003 - наурыз, 2006 - Израильдағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі.

3 наурыз, 2006 - тамыз 2007 - ҚР сыртқы істер вице-министрі.

Тамыз, 2007 - қыркүйек, 2008 - Австриядағы ҚР елшісі - ЕҚЫҰ-дағы ҚР тұрақты өкілі.

Қаңтар, 2008 - ЕҚЫҰ экономикалық-экологиялық комитетінің төрағасы.

Қыркүйек-желтоқсан, 2008 - ЕҚЫҰ мен Венадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР тұрақты өкілі.

Желтоқсан, 2008 - наурыз, 2011 - ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі.

Наурыз, 2011 - Австрия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі.

2-ші санатты Төтенше және Өкілетті Елші шеніне ие (2001).

 Сонымен қатар,  Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар