«Қайрат» - «Ақтөбе» кездесуінде алғашқы гол соғылды
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Қазақстан суперкубогындағы «Қайрат» (Алматы) пен «Ақтөбе» кездесуінің алғашқы голы соғылды.

Былтыр алматылық клуб ел чемпионы атанса, ақтөбелік команда Қазақстан кубогына қол жеткізді. Екі команда суперкубокта алғаш рет кездесті.
Ойынның алғашқы минутында ақтөбелік команда тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Одан кейін «Қайрат» та қарсы шабуылға шықты. Кейбір сәттерде гол соғатын мүмкіндігін мүлт жіберіп алып жатты.
Екінші кезеңде ойын тізгінін «Қайрат» өз қолында ұстауға тырысты. Нәтижесінде олардың қатарынан 58-минутта Элдер Сантана гол соғып кетті.
Дәл қазір «Қайрат» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түстіп жатыр.
Қазірге дейін «Ақтөбе» 2008, 2010, 2014 жылдары үш мәрте суперкубокты төбесіне көтерсе, «Қайрат» 2016, 2017 жылдарда екі мәрте жеңімпаз атанды.
Ақтөбелік клуб өзі қатысқан суперкубоктың барлығында жеңсе, алматылық команда 2015, 2018, 2019, 2022 жылдары қарсыластарына есе жіберіп қойды.
Осыған дейін «Қайрат» - «Ақтөбе» кездесуінің бірінші кезеңінде есеп ашылмағанын жазғанедік.