«Қайрат» «Арсеналмен» кездесу алдында Лондонда жаттығу өткізді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Қайрат» командасы UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің сегізінші турындағы Англияның «Арсеналымен» кездесуі алдында Лондондағы «Эмирэйтс» стадионында жаттығу жүргізді.

«Кайрат» провел тренировку перед матчем с «Арсеналом»
Фото: Видеодан скрин

Кездесу 28 қаңтардан 29-на қараған түні сағат 1:00–де Англия астанасы Лондон қаласындағы «Эмирейтс» стадионында басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ашық жаттығу барысында команданың барлық көшбасшысы ойыншылары жасыл алаңға шықты. Олардың арасында Дастан Сәтпаев пен Азамат Тұяқбаев жоқ. Олар жарақатына байланысты командамен Лондонға келген жоқ. 

«Қайраттың» жанкүйерлер секторына екі мың билет бөлінген еді. Сатуға шыққаннан кейін бір сағаттай уақыт өткенде ол түгелдей өтіп кетті.

«Кайрат» провел тренировку перед матчем с «Арсеналом»
Фото: Видеодан скрин

Айта кетсек, 60 мыңнан астам жанкүйерге арналған «Эмирэйтс» стадионының пайдалануға берілгеніне биыл жиырма жыл толады. Онда «Арсенал» өз алаңындағы ойындарын өткізеді. 

Осыған дейін негізгі кезеңде «Қайрат» Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.

«Кайрат» провел тренировку перед матчем с «Арсеналом»
Фото: Видеодан скрин

Ағылшындық команда жарыс барысында Испанияның «Атлетик Бильбао» (2:0), Грекияның «Олимпиакос» (2:0), Испанияның «Атлетико Мадрид» (4:0), Чехияның «Славия» (3:0), Германияның «Бавария» (3:1), Бельгияның «Брюгге» (3:0), Италияның «Интер» (3:1) клубтарынан басым түсті. 

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин: «Арсеналмен» кездесуде сапалы ойын көрсету маңызды екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар