Қайрат Боранбаев Алматыдағы ірі сауда орталығы мен бірқатар нысанды мемлекетке берді

«Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекет меншігіне қайтару шараларын жүргізіп жатыр.

боранбаев мүлікті қайтарды
Фото: Кazinform коллажы

Мемлекет кірісіне жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын кеңсе, сауда және ойын-сауық кешені, сондай-ақ сауықтыру және фитнес желісі өтті.

Атап айтқанда, оңтүстік мегаполистің орталығында орналасқан «Алмалы» сауда орталығының ғимараты, сондай-ақ жалға беру және мүлікті басқарумен айналысатын «Unity Hall» ЖШС.

«Алматы Тауэрс» бизнес орталығында орналасқан нысанның ауданы 11 мың шаршы метрден асады.

Сондай-ақ, «Fitnation» фитнес клубтар желісі мемлекет меншігіне өтті», - делінген агенттік хабарламасында.

Мәлім етілгендей, аталған нысандар Астана, Алматы және Қостанай қалаларында орналасқан. Енді ол нысандар қолданыстағы заңнамаға сәйкес демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастыра отырып, әлеуметтік мақсаттарға пайдаланылатын болады.

Қаржылық мониторинг агенттігі активтерді қайтару жұмыстары жалғасып жатқанын мәлім етті.

Еске салайық, кеше Қайрат Боранбаевқа өзіне қатысты жүргізіліп жатқан тергеу амалдары аясында өз еркімен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңгеден астам қаржы аударған болатын.

Оның алдында Боранбаев құны 1,4 млрд теңге болатын қонақ үйін, сондай-ақ 90 млрд теңгеден астам соманы құрайтын активтерді мемлекетке қайтарды.

2022 жылы 17 наурызда соттың шешімімен Қайрат Боранбаев 2 айға қамалған еді.

Кейін Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың сыртқа заңсыз шығарылған активтері қайтарыла бастағаны хабарланды.

Астанада сот отырысы былтыр 30 желтоқсанда басталды.

Сот шешімімен Қайрат Боранбаевқа 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кейін сотта бұл үкім қайта қаралып, мүлкін тәркілеу және жазаны екі жылға қысқарту белгіленді.

Кейін сот Қайрат Боранбаевтың тергеу органдарымен мәмілеге келуін қанағаттандырды.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Боранбаевтың тәркіленген мүлкі қайда бағытталатынын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар