Қайрат Боранбаев түрмеден шығатын болды
Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың жазасы жеңілдетілді, деп хабарлайды Kazinform Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сот сотталушы "Б."-ның өтінішін қанағаттандыра отырып, жазаның қалған бөлігін бостандықты шектеу түріне ауыстырды" делінген Ақмола облысы Зеренді аудандық сотының хабарламасында.
Жазаны ауыстыру кезінде сот келесі жағдайларды ескерді:
- сотталған адам заңда белгіленген жаза мерзімінің 1\3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеген;
- кінәлі мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеді, тергеумен белсенді жұмыс істеді және жасаған ісіне өкінеді;
- қамауда болған кезеңде оң сипатталды. Мекеме әкімшілігі тиісті құжаттарды ұсынды және өтінішті қолдады.
Сотының шешіміне сәйкес "Б." пробациялық бақылауда болады.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, 2022 жылы 17 наурызда соттың шешімімен Қайрат Боранбаев 2 айға қамалған еді.
Кейін Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың сыртқа заңсыз шығарылған активтері қайтарыла бастағаны хабарланды.
Еске салайық, осы аптада Қайрат Боранбаев өзіне қатысты жүргізіліп жатқан тергеу амалдары аясында өз еркімен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңгеден астам қаржы аударған болатын.
Оның алдында Боранбаев құны 1,4 млрд теңге болатын қонақ үйін, сондай-ақ 90 млрд теңгеден астам соманы құрайтын активтерді мемлекетке қайтарды.
2022 жылы 17 наурызда соттың шешімімен Қайрат Боранбаев 2 айға қамалған еді.
Кейін Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың сыртқа заңсыз шығарылған активтері қайтарыла бастағаны хабарланды.
Астанада сот отырысы былтыр 30 желтоқсанда басталды.
Сот шешімімен Қайрат Боранбаевқа 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кейін сотта бұл үкім қайта қаралып, мүлкін тәркілеу және жазаны екі жылға қысқарту белгіленді.
Кейін сот Қайрат Боранбаевтың тергеу органдарымен мәмілеге келуін қанағаттандырды.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Боранбаевтың тәркіленген мүлкі қайда бағытталатынын айтқан болатын.