«Қайрат» ел сенімін ақтай ала ма
АСТАНА. KAZINFORM – Алматылық «Қайрат» командасының UEFAЧемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі мүмкіндігі жөнінде Kazinform тілшісі футбол мамандары, журналистер және жанкүйерлермен ой бөліскен еді.

«Реал Мадрид», «Арсенал», «Интер»...
Биыл ел футболындағы ерекше оқиға - алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіне жолдама алды. Енді қазақстандық команда жарыстың аталған сатысында «Реал Мадрид» (Испания), «Арсенал» (Англия), «Интер» (Италия), «Копенгаген» (Дания), «Пафос» (Кипр), «Спортинг» (Португалия), «Олимпиакос» (Грекия), «Брюгге» (Бельгия) командаларымен кездеседі. Оның ішінде өз алаңында 30 қыркүйекте «Реал Мадридті», 21 қазанда «Пафосты», 9 желтоқсанда «Олимпиакосты», 20 қаңтарда «Брюггені» қабылдаса, сырт алаңда 18 қыркүйекте «Спортинг», 5 қарашада «Интер», 26 қарашада «Копенгаген», 28 қаңтарда «Арсенал» клубымен шеберлік байқасады.
– Біздің «Реал Мадридпен» ойнайтынымыз қуантады. Мұндай клуб Қазақстанға жиі келмейді. Жанкүйер алдында үлкен жауапкершілікті сезінеміз. Мен мүмкіндігінше үлкен болғым келеді қарсыластар. Алайда, Оған қоса «Реал Мадридтен» өзге «Интер», «Арсенал»секілді командалар да жоғары деңгейде ойын көрсетеді. Жербе нәтижесінде осындай клубтармен жолымыз түйіскеніне қуаныштымыз. Айта кетсек, «Реал Мадрид» ешқандай түсіндіруді қажет етпейді. «Интер»кейінгі жылдары Чемпиондар лигасында тұрақты ойнайды. Ал «Арсенал» жартылай финалда сынға түсті, Англия чемпионатында жылма-жыл жоғары орындарға таласады. Сондай-ақ«Брюгге», «Спортинг», «Олимпиакос», «Пафос» және «Копенгагенді» тәжірибесі жоғарыдеп бағалаймыз.Расында, біз үшін әрбір кездесу оңайға соқпайтыны анық. Өз алаңымызда жанкүйер қолдауына сүйенеміз. Олардың үмітін ақтап, оң нәтижеге қол жеткізуге күш саламыз, - деді «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин баспасөз өкілдері берген сұхбатында.

Жеребе жолдас болды ма?
Алматылық клуб бұдан бұрын 2021/2022 жылғы маусымда UEFA Конференция лигасында H тобында сынға түскен еді. Онда барлығы алты кездесуде екі мәрте тең түсіп, қалғанында қарсыластарына есе жіберді. Бұл топта «Базель» (Швейцария), «Карабах» (Әзербайжан), «Омония» (Кипр) клубтарымен шеберлік байқасты. Нәтижесінде өз тобында төртінші орынды місе тұтты.
Спорт комментаторы Есей Жеңісұлы Kazinform тілшісіне «Қайраттың» ұпай олжалауға мүмкіндігі бар екенін айтады. Әрине, Еуропаның топ-клубтарымен ойнау оңайға түспейтіні анық. Десе ле олардың ешқайсысына үрейлене қарауға негіз жоқ. Дұрыс тактика қойып, жасыл алаң төрінде шеберлік деңгейін көрсете алса, «Қайрат» қай-қайсысынан да ұпай олжалауына әбден болады.
– Жанкүйер есебінде «Қайраттың» жеребесі осылай түскеніне қуандым. Негізінде әлемнің үздік клубтары Қазақстанға келсе дейсің ғой. Сондықтан алматылық клубқа өте шынайы жеребе түсті деп санаймын. Дүниежүзіндегі көпшілік ойындарын қызыға тамашалайтын «Реал Мадрид», «Арсенал», «Интер» клубтарының «Қайратпен» ойнайтыны қазақстандық жанкүйерлер үшін ерекше оқиға деп бағалаймын. Әрине, олар өз алаңында испаниялық клубты өз алаңында қабылдап, сырт алаңда англиялық, италиялық клубпен кездесееді. Атағынан ат үркетін клубтарға қарсы қалай ойнаймыз? Ұпай олжалай аламыз ба? Менің ойымша, аталған үш ойыннан кемінде бір немесе екі ұпайды қоржынға салып жатсақ, ол бізге үлкен қуаныш болар еді. Ал қалған «Спортинг», «Олимпиакос», «Копенгаген», «Брюгге», «Пафос» клубтарымен терезесі тең ойын көрсетуге болады деп санаймын. Еуропа олардың барлығы ортанқол командалар санатына енгізіледі. Жанкүйерлер «Қайратпен» салыстырғанда олардың тәжірибесі жоғары деп бағалайды. Дегенмен олардан ұпай алуға және жеңіп кетуіге болады. Сол себепті жеребе жақсы түсті деп есептеймін. Команда кемінде 9-12 ұпай аралығында қоржынға салса, негізгі кезеңде 21-22 орындармен плей-офф кезеңіне шығып кетуге мүмкіндік бар екенін жоққа шығара алмаймыз. «Қайраттывң» қарсыластары қатарында бұрын қазақстандық «Астанамен» ойнаған «Олимпиакос» және «Пафос» бар. Қысқаша айтқанда, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі барша қазақстандық клубтар үшін үлкен той мерекесі болады деп санаймын, - деді ол.
Спорт комментаторы алматылық клубтың осындай сенім үдесінен шыға алатынын айтады. Өйткені, олар аталған турнирдің іріктеу кезеңінің өзінде оңай қарсыластарға тап болған жоқ. Дұрыс тактика, тәжірибе, шеберліктің арқасында қарсыластарды қапы қалдырды.

Жергілікті түлектер тәжірибе жинайды
Ұзақ жылдан бері алматылық клубқа жанкүйерлік жасап жүрген Нұрмахан Елтай «Қайрат» мұндай табысқа кездейсоқ жеткен жоқ. Оңтүстік астана ұжымы сапалы легионерлерді қатарға тартумен бірге төл шәкірттеріңн тәрбиелеуге ерекше мән беріп отыр.
– Кез-келген жетістікке жету үшін қаншама жылдар бойы жұмыс жүргізіледі. Бұл орайда «Қайраттан» өзге клубтардың үйренетіні көп. Алматылық клуб жылма-жыл ел біріншілігінде бас жүлдеге қол созуды алдына мақсат етеді. Оған қоса төл шәкірттерді тәрбиелеу ісіне маңыз беріп отыр. Командаға Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жолдамасын сыйлаған Темірлан Анарбековтің өзі тәжірибелі бапкерлерден тәлім алды. Шабуыл шебінде жүрген Дастан Сәтпаевтың өзін Еуропаның беделді клубтары жоғары бағалап отыр. Қысқасы, жергілікті түлектер беделді турнирде үлкен тәжірибе жинақтайды. Ендігі кезекте «Қайрат» беделді турнирде Қазақстан намысын абыроймен қорғайды деген ойдамын. Чемпиондар лигасында олар жанкүйер сенімін толық ақтайды, деп сенемін, - деді ол.

Айта кетсек, алматылық «Қайрат» бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі алғашқы ойынын «Спортинг» (Португалия) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу 18 қыркүйектен 19-на қараған түні Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.