«Қайрат» элиталық кезеңде тағы бір қарсыласын ұтты – футзал

АСТАНА. KAZINFORM — Футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде «Қайрат» командасы Загреб қаласында (Хорватия) хорватиялық «Олмиссуммен» шеберлік байқасты.

футзал
Фото: ЎзА

Бұл алматылықтардың В тобындағы екінші кездесуі еді. Осыған дейін «Қайрат» франциялық «Этуаль» командасын 4:2 есебімен ұтқан болатын.

Бұл жолы 26-минутта Эдсон соққан жалғыз гол Марлон Веласко шәкірттеріне жеңіс әперді.

Осылайша, 6 ұпай жинаған «Қайрат» өз тобындағы жағдайын жақсарта түсті. Енді алматылықтар соңғы матчын хорватиялық «Футзал Динамо» командасымен өткізеді.

Әр топтан жеңімпаз клуб қана финалдық кезеңге жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын футзалдан «Қайраттың» элиталық кезеңде жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.

 

 

Соңғы жаңалықтар