«Қайрат» Еуропа Лигасында «Скендербеу»-мен тең ойнады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қайрат» футбол командасы Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің матчында өз алаңында албаниялық «Скендербеу»-мен кездесті, есеп - 1:1, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz  сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш кездесудің фавориті алматылық клуб екендігі әу-баста белгілі болды, дегенмен, ойын түрлі бағытта өрбуі мүмкін еді. Сондықтан жанкүйерлер бұл ойынды тағатсыздана күтті.

Алаң иелерінің қақпа қорғанысы Стас Покатиловқа сеніп тапсырылды, орталық қорғаушы - Шелдон Бато.

Алматылықтар алғашқы минуттарда-ақ алға ұмтылып, шабуылға дайын болған албаниялықтардың қорғанысын бұзуға кірісті. Өз кезегінде «Скендербеу» оныншы минутқа қарай есепті ашуға ұмтылыс жасады, бірақ Покатилов шеберлігін көрсете алды. Көп күттірмей, жауапты шабуыл жасалып, Гафуржан Сүйімбаев пен Жерар Гоудың ойнатқан доптары қақпаға дәл түсті, есеп 1:0.

Ойынның екінші бөлігінің алғашқы минуттары аса шиеленісті болды, албаниялықтар матчқа дейін ойлағандай әлсіз болмай шықты. Олар гол салуға болатын бірнеше сәт туындатып, Покатиловтың қақпасын бұзуға тырысты. «Скендербеу» алаң иелерінің қақпасының айналасынан шықпай, ойынды қыздыра түсті. Осы минуттарда «Қайраттың» шабуылдары арасында Андрей Аршавиннің шеберлігі ерекше болды. Ресейлік легионер қарсыластардың қарқынына ептілікпен жауап беріп, олардың қақпасына жақындай алды. Бірақ, қонақтар дегендеріне жетті. Бакари Нимага есепті теңестірді - 1:1.

 

Соңғы жаңалықтар