«Қайрат» ФК ойыншысы Анатолий Тимощук «Достыққа арналған футбол» жобасының елшісі атанды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда «Қайрат» ФК Академиясының «Қайрат» U-14 командасының үстіміздегі жылы 27-28 мамыр аралығында Милан қаласында өтетін «Достыққа арналған футбол» Халықаралық балалар әлеуметтік жобасына қатысуына байланысты баспасөз мәслихаты өткен болатын.
None
None

Шара барысында «Қайрат» U-14 командасының жартылай қорғаушысы Айдын Эфенди дәстүр бойынша «Қайрат» ФК белді ойыншысы Анатолий Тимощуктің қолына «Достыққа арналған футбол» жобасының достық білезігін тақты.

«Мен бұған дейін де екі рет осы жобаға қатысқан едім. Сонда балалармен тілдесуге және олармен аздап ойнауға мүмкіндік туды. Бұл шынында да балалар футболын және балалар арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға арналған өте керекті жоба. Онда балалар атақты футболшылармен кездесіп, тілдесуге мүмкіндік алады. Тәжірибе жинақтайды және Чемпиондар Лигасының финалын тамашалайды. Мен бұл жолы да жас таланттарға қолдау көрсетуге дайынмын», - деді өз сөзінде А. Тимощук.

Соңғы жаңалықтар