21:16, 22 Маусым 2016 | GMT +5
«Қайрат» ФК УЕФА турнирлеріне қатыса алатын болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Қайрат» ФК УЕФА турнирлеріне қатыса алатын болды. Бұл туралы бүгін клубтың ресми сайтында мәлім етілді. «Клубтың кеңсесіне Еуропа футбол қауымдастығынан хат келіп түсті. Онда «Қайрат» ФК тарапынан УЕФА-ның 2016/17 жылғы Еуропа Лигасына және 2016/17 жылғы Жастар Лигасына (ішкі чемпиондық жол) қатысуға қажетті өтінім құжаттамасы келіп түскендігі жазылған.

Сондай-ақ, УЕФА бұл құжаттарды мұқият тексеруден өткізгеннен кейін, біздің клубтың 2016/17 жылғы Еуропа Лигасы Ережесінің 4.01 пункті мен 2016/17 жылғы Жастар Лигасының Ережесінде көрсетілген барлық қабылдау талаптарына жауап беретіндігін мақұлдады.
Осылайша, УЕФА-ның Еуропа Лигасы Ережесінің 4.05 пункті мен УЕФА-ның Жастар Лигасы Ережесінің 4.04 пунктіне сәйкес, «Қайрат» футбол командасы УЕФА-ның 2016/17 маусымына арналған Еуропа Лигасы мен Жастар Лигасына қатыса алатын болды», - делінген мәлімдемеде.