«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасы төрттігінің финалына қатысатын құрамын жариялады
АСТАНА. KAZINFORM - Футзалдан алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасы төртігінің финалына қатысатын құрамын жариялады.

Бас бапкер Марлон Веласко төмендегі шәкірттеріне сенім артты. Қақпа Деннис пен Нарун Серіковке сеніп тапсырылды. Ал ойыншылар қатарында Арнольд Кнауб, Эдсон, Жахангир Рашит, Денер, Занотто, Дәурен Тұрсағұлов, Біржан Оразов, Кайо Руиз, Отанья, Кевин Арриета, Геге, Вендел да Силва Мендес, Алиссон бар.
Төрттіктің финалы Францияның Ле-Ман қаласында 2-4 мамыр аралығында өтеді. Алматылық команда жартылай финалда «Картахена» (Испания) командасымен шеберлік байқасады.
Тағы бір жартылай финалда «Пальма» (Испания) мен «Спортинг» (Португалия) ойнайды.
Қазақстандық жанкүйерлер ойындарды «Qazsport» телеарнасы арқылы тікелей эфирде тамашалай алады.
Алматылық команда бұған дейін 20 мәрте бақ сынап үлгерді. Бұл Еуропа құрлығындағы командалар арасында абсолютті рекордты тіркеді.
«Қайрат» 2012/13, 2014/15 жылғы маусымда Чемпиондар лигасында жеңіс тұғырына көтерілген.
Еске салсақ, бұдан бұрын олар Хорватия астанасы Загреб қаласында Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде хорватиялық «Футзал Динамоны» 5:1, «Олмиссумды» 1:0. словакиялық «Мимел Лученецті» 4:2 есебімен тізе бүктірді.