«Қайрат» қақпашылары Темірлан Анарбеков пен Заруцкийдің жағдайы қалай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Қайрат» футбол клубының өкілдері Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді. 

«Қайрат» қақпашылары Темірлан Анарбеков пен Заруцкийдің жағдайы қалай
Фото: anarbekov_temirlan77 / instagram

Команданың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Реал Мадридке» қарсы ойын алдында жарақат алған қақпашылардың жағдайына тоқталып өтті.

— Темірлан Анарбеков емханадан шықты. Біздің базаға да келді. Бірақ қазір ол қатты аузын аша алмайды, өйткені жағы таңылған. Алдағы күндері оны шешкеннен кейін біртіндеп жаттығуға кірісе алады. Оған орнатылған титандардың жазылғаны қажет. Дәрігердің айтуынша, реабилитация ойдағыдай өтіп жатыр. Ал Александр Заруцкий бірнеше күннен кейін жаттығуға кіріседі. Сондықтан алдағы уақытта оған да сенім артамыз. Шерхан Қалмұрза қазір бізде негізгі болып тұр. Дегенмен, тағы бірнеше жас қақпашымыз бар. 1-2 аптадан кейін барлық қақпашымыз сапқа оралады деп ойлаймын, — деді ол.

Еске салайық, «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков «Ақтөбеге» қарсы матч кезінде жарақат алды.

Оған дейін Глазгода өткен «Селтикке» қарсы ойында Александр Заруцкий алған жарақатына байланысты алаңнан кетуге мәжбүр болды.

Соңғы жаңалықтар