«Қайрат» Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Футзалдан «Қайрат» командасы 2025 жылғы Қазақстан чемпионы болды.

Футзал, "Қайрат" клубы
Фото: instagram.com/afckairat

Алматылық клуб 21-ші мәрте ел чемпионы атанып отыр.

Qazsporttv.kz мәліметінше, финалда Қайрат Семейді төртінші матчта 4:3 есебімен жеңді. Жалпы серия есебі 3-1 (0:1, 5:3, 4:3, 4:3).

— «Қайрат футзал» — 2025 жылғы Қазақстан чемпиондары! Біздің клуб 21-ші мәрте ел чемпионы атанды — бұл рекорд, бұл тарих! Осы жолда бізбен бірге болған барлық жанкүйерлерге алғысымыз шексіз. Сіздердің қолдауларыңыз — әрбір жеңістің негізі. Біз — Қайрат! Біз — Чемпиондар! — делінген клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұдан бұрын футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 14-турында қостанайлық «Тобыл» және елордалық «Жеңіс» тең ойнағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар