Қайрат Келімбетов Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан «ЭКСПО-2012» Халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына қатысты

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - 11 мамырда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары  Қайрат Келімбетов бастаған қазақстандық делегация Ёсу қаласында өтіп жатқан «ЭКСПО-2012» бүкілдүниежүзілік көрмесіндегі қазақстандық павильонның ашылу салтанатына қатысты.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хбараланды.

ЭКСПО-2012  көрмесі «Тірі мұхит пен жағалау» тақырыбымен, адамзат үшін құнды тіршілік көзі - суды қорғауға арналып отыр. Қазақстанның ұлттық павильонының ерекшелігі қонақтар Қазақстанның мәдениетімен, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайымен, оны жақсартуға жасалып жатқан шаралармен таныса алады. Көрмеде Астананың «ЭКСПО -2017» жобасындағы мүмкіндіктеріне аса назар аударылуда.

Қазақстанның ұлттық павильонының ашылу салтанатынан кейін Қайрат Келімбетов,  Астана «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру комитетінің төрағасы ретінде Бельгия, Ресей және басқа да мемлекеттердің  павильондарын аралап көріп, халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2012, Ёсу» көрмесінің Бас комиссары Ли Джун Химен кездесті. Кездесу барысында қазақстандық делегация басщысы қабылдаушы тарапты көрменің басталуымен құттықтап, іс-шараның ұйымдастырылу деңгейін жоғары  бағалады.

Кешке қарай, ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Корея Республикасының президенті Ли Мен Бактың атынан болған мәртебелі қабылдауға, артынан көрменің ашылу салтанатына қатысты. Қазақстандық делегация құрамына  ҚР СІМ Жауапты хатшысы, Астана «ЭКСПО-2017» жобасының Ұлттық үйлестірушісі Р.Жошыбаев, Корея Республикасындағы ҚР-ның Төтенше және Өкілетті Елшісі Д.Бакишев және ҚР экономикалық даму және сауда министрлігі сауда комитетінің төрағасы А.Қазыбаев кірді.

Оңтүстік Кореядағы сапары аясында қазақстандық делегация басшысы Халықаралық сауда кәріс қауымдастығының Басқарма төрағасы Хан Док Сумен  (Корея Республикасының бұрынғы Премьер-министрі), сауда министрі Пак Тэ Хомен және «Самсунг» компаниясы басшылығымен келіссөздер жүргізді. Тараптар екі елдің сауда-экономикалық қарым қатынасын, Корей мемлекетінің Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы аясындағы қызметін және Астана қаласының 2017 жылғы көрмеге дайындығын талқылады. Хан Док Су Ёсу қаласында көрмені өткізу қырларымен бөлісіп, Астана ұсынған ұлттық жобаның маңыздылығын және таңдалған «Болашақ энергиясы» тақырыбының өзектілігін атап өтті. Тараптар соңғы жылдары қазақ-корей қатынастарының  қарқынды дамып келе жатқандығын айтты. Жуырда  Мемлекет басшысының ядролық қауіпсіздік тақырыбындағы Сеул саммиті кезінде  ұйымдастырылған қазақ корей-бизнес форумын және кезекті Іскерлік кеңесінің жиынын атап  өтуге болады.

12 мамыр күні Қайрат Келімбетов «Жасыл желек, ғаламдық институтының» басқарма төрағасы Хан Сын Сумен кездеседі. Кейіннен «LG Chem» компаниясының газохимиялық кешенін және «Самсунг» экономикалық зерттеулер институтын аралайды.

28 маусым күні қазақстандық павильон аясында Қазақстанның Ұлттық күні ұйымдастыралады.

«ЭКСПО-2012» павильондары 12 мамыр мен 12 тамыз аралығында жұмыс істейді. Биылғы көрмеге 8 млн.-нан астам адам қатысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар