Қайрат Келімбетов Президентке жаңа агенттік ережесінің жобасын таныстырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президентке жаңадан құрылған Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құрудың тәсілдері, оның ішінде агенттік ережесінің жобасы, штат саны мен оның жылдың соңына дейінгі қысқа мерзімде атқаратын қызметі туралы ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамды толғандырған мәселелер мен ұсыныстарды сараптап, пысықтауды, сондай-ақ, Қазақстан халқына арнаған Жолдауында аталған міндеттерді іске асыруды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар
telegram