Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен латынға көшу мәселесі талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровтың басшылық етуімен қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшу туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Мәжіліс барысында Елбасының латынға көшудің қажеттілігі қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, коммуникацияның, ғылы­ми және білім беру процесінің ерекшелік­теріне байланысты екені, бұл жұмыстың терең тарихи логикасы бар екендігі айтылды.

Қазіргі уақытта, осы әліпбиде барлық есептеу және телекоммуникациялық жүйелердің 99,99% негізделген.

Соңғы онжылдықта латынша ғылыми мақалалардың 75,2% жарияланған.  

«World Standards» және Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес қазіргі уақытта латын әліпбиі 30 жоғары дамыған елдердің 25-де қолданылады.

Мемлекет басшысы 26 қазанда тиісті Жарлыққа қол қойды.

Оны жүзеге асыру Ұлттық комиссия құрылды. Ол уәкілетті органдар және ғылыми-әдістемелік орталықтармен дұрыс жазу мен айтылудың жаңа ережесін, қазақ тілінің латын графикасында оқытылудың әдістемесін әзірлейді.  

Сол арада, қазір Агенттік пен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері мемлекеттік тілді латын графикасын қолданумен үйретуге көшеді.       

Оқытуды Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мен оның филиалдарыдағы оқытушылар арнайы әзірленген бағдарламалар бойынша жүргізеді. Олар екі аптаны қамтиды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша Қайрат Қожамжаров грамматика ережелері бекітілгеннен кейін қазақстандық мемлекеттік қызметтің латынға көшудің және барынша қамту бойынша тәсілдемелерді пысықтауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар
telegram