Қайрат Мәми Санкт-Петербургте ТМД ПА Ассамблеялары Кеңесінің Бас хатшысы Михаил Кротовпен кездесті

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қ.Мәми Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік думасына депутаттар сайлауына мониторингі жүргізудегі ТМД ПАА байқаушылар миссиясының жемісті жұмысын атап өте келіп, ТМД ПАА миссиясының алдағы Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауын байқауға белсенді қатысатыны жайында айтты.
- «Ассамблеяның тәжірибесі және Достастық елдеріндегі осындай шараларға Хатшылықтың қатысуы Парламент Мәжілісі сайлауына ұйымдасқан түрдегі мониторинг жүргізуге жәрдемдесетін болады», - деді Қ.Мәми және ол «Қазақстандағы алдағы сайлау ашық, еркін және әділетті болады», - деп атап өтті.
Әңгіме барысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеялары Кеңесінің Бас хатшысы Михаил Кротов Ассамблея Кеңесінің мерейтойлық отырысын алдағы жылы наурызда Қазақстанда өткізуге ТМД ПАА Кеңесінің Төрағасы В.Матвиенко қолдау білдіргенін хабарлады.
Достастыққа қатысушы мемлекеттердің қатынастарын одан әрі нығайту мәселелеріне қатысты Қ.Мәми ТМД елдеріндегі парламентшілердің халықаралық бірлестіктер аясындағы өзара белсенді іс-қимылының қажеттігін атап өтті.
- «Біз парламенттік комиссиялар құрамындағы өз мүмкіндіктерімізді толық көлемде пайдалануға тиіспіз», деп атап өтті Қазақстан Сенатының төрағасы.