«Қайрат» — «Олимпиакос»: Астана аренадағы матч билеттері қалай сатылып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Чемпиондар лигасы аясында «Қайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы ойын «Астана арена» стадионында 9 желтоқсан күні сағат 20:30–да өтеді. 

«Астана Арена»
Фото: instagram.com/kanalimov

Матч билеттері 28 қараша күні сатылымға шықты. Бір адам ЖСН арқылы екі билеттен артық ала алмайды. Билет бағасы — 15 000 — 50 000 теңге аралығында. Атап айтқанда:

• 4 санаттағы S және N трибуналары (оңтүстік және солтүстік) — 15 мың теңге;

• 3 санаттағы үстіңгі W және E трибуналары (батыс және шығыс) — 25 мың теңге;

• 2 санаттағы төменгі W және E трибуналары (батыс және шығыс) — 35 мың теңге;

• 1 санаттағы ортаңғы W3 — W7 трибуналары (батыс) — 50 мың теңге.

Бір аптаға жуық уақыт өтсе де, билеттерге жоғары сұраныс жоқ. Қазір 50 мыңдық орындар және батыс трибунаның төменгі 3 секторында (W4-W6), сондай-ақ S2 секторында орын жоқ. Ал 15 мыңдық оңтүстік және солтүстік трибунаның секторларында біршама билет сатылған. Қалған орындарда билет жетерлік.

«Қайрат» — «Олимпиакос»: Астана аренадағы матч билеттері қалай сатылып жатыр
Фото: Kazinform
«Қайрат» — «Олимпиакос»: Астана аренадағы матч билеттері қалай сатылып жатыр
Фото: Kazinform

Алматылық командаға арналған әлеуметтік желідегі парақшаларда адамдар билеттердің баяу сатылуына байланысты әртүрлі пікір білдірген. Бірі «Қайрат» алматылық клуб, жанкүйерлерінің бәрі Алматыда» десе, екіншісі «Дастан болмайды, сондықтан шығар» деп жазған. Одан бөлек «қатты суық емес, Алматыда өткізуге болар еді» деп пікір қалдырған.

«Қайрат» — «Олимпиакос»: Астана аренадағы матч билеттері қалай сатылып жатыр
Фото: Kazinform
«Қайрат» — «Олимпиакос»: Астана аренадағы матч билеттері қалай сатылып жатыр
Фото: Kazinform

 

Еске салайық, бұған дейін «Қайрат» футбол клубы УЕФА-мен бірлесе отырып, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Олимпиакос» (9 желтоқсан), «Брюгге» (20 қаңтар) командаларына қарсы өз алаңындағы матчтарын «Астана Арена» стадионына көшіретінін хабарлаған еді.

Оған дейін «Қайраттың» «Реал Мадрид» және «Пафос» командаларына қарсы ойындары Алматының Орталық стадионында өтті. Бұл матчтарға билет 30-250 мың теңге аралығында сатылды.

Соңғы жаңалықтар