«Қайрат» – «Пафос» матчын қайдан көруге болады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 21 қазанда Алматыда Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур аясында қазақстандық «Қайрат» пен Кипрдің «Пафос» футбол клубтары кездеседі. 

«Қайрат» – «Пафос» матчын қайдан көруге болады
Фото: «Қайрат» ФК

Ойын Орталық стадионда өтеді және Қазақстан уақытымен 21:45–те басталады.

Матчтың тікелей көрсетілімін Qazaqstan телеарнасынан тамашалауға болады.

Еске салайық, бірінші турда «Қайрат» сырт алаңда Португалияның «Спортинг» клубынан 1:4 есебімен ұтылып, ал екінші турда Алматыда Мадридтің «Реалына» 0:5 есебімен есе жіберген еді

Ал Кипрдің «Пафосы» бірінші турда Грекияның «Олимпиакосымен» 0:0 есебімен тең ойнап, екінші турда өз алаңында Германияның «Бавариясынан» 1:5 есебімен жеңіліп қалды.

Алматылық команда келесі кезеңдерде «Интер» (Италия), «Копенгаген» (Дания), «Олимпиакос» (Грекия), «Брюгге» (Бельгия) және «Арсеналмен» (Англия) кездеседі.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне барлығы 36 команда қатысады. Турнир 16 қыркүйекте басталды, ал соңғы — сегізінші тур 2026 жылғы 28 қаңтарда өтеді. Плей-офф кезеңі 16-18 ақпан аралығында басталып, 1/8 финал 10-11 наурызда, ширек финал 7-8 сәуірде, жартылай финал 28-29 сәуірде өтеді. Финалдық матч 30 мамырға жоспарланған.

Еске салайық, бұған дейін «Пафос» футбол клубының бас бапкері Хуан Карлос Карседо «Қайратқа» қарсы өтетін ойын алдында командасының дайындығы туралы пікір білдірген еді.

Алматы спорт басқармасының мәліметінше, матч уақытында Абай даңғылында, сондай-ақ Байтұрсынов, Сәтбаев және Шевченко көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі.

Одан бөлек жанкүйерлер үшін ойын аяқталғаннан кейін 6 бағыт бойынша 60 қосымша автобус қатынайды.

Соңғы жаңалықтар