«Қайрат» пен «Ордабасы» кездесуінде тең нәтиже тіркелді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 7-турында «Қайрат» пен «Ордабасы» тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші ойын күніндегі тағы бір негізгі кездесу «Қайрат» (Алматы) мен «Ордабасы» (Шымкент) арасында өтті.

Кездесу барысында командалар алғашқы минуттан гол соғуға тырысты. Нәтижесінде алматылық клуб шабуылшысы Жоао Паоло 36-минутта мергендік танытты.

Ал «Ордабасы» сапынан Ғафуржан Сүйімбаев 53, Асхат Тағыберген 68-минутта екі гол соғып кетті.

Ал Жоао Паоло 78-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.

Енді 20:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Астана» жасыл алаңға шығады.

Еске салсақ, 22 сәуірде «Мақтарал» өз алаңында «Жетісудан» жеңіліп қалса , «Қызылжар» мен «Каспий» 1:1 есебімен тең ойнады.

Ал 23 сәуірде «Оқжетпес» пен «Шахтер», «Тобыл» мен «Ақтөбе» тең нәтижеге қанағат білдірсе, «Атырау» өз алаңында «Ақсуды» 2:1 есебімен жеңді.

Ал сегізінші тур ойындары 6 және 7 мамыр күндеріне белгіленген.

Соңғы жаңалықтар