19:02, 03 Шілде 2025 | GMT +5
Футзал: «Қайрат» пен «Семей» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде кімдермен ойнайды
АСТАНА. KAZINFORM – Футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде бақ сынайтын қазақстандық екі клубтың қарсыластары белгілі болды.

2025/26 жылғы маусымдағы Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіне қатысатын 16 команданың жеребесі тартылып, төрт топқа бөлінді.
Негізгі кезеңнің матчтары 28 қазан мен 2 қараша аралығында өтеді.
Жаңа форматқа сәйкес, әр топтан үздік үш команда бірден 1/8 финалға жолдама алады. Плей-офф кезеңдері — 1/8 және 1/4 финал — екі матчтық жүйеде өтеді: бір матч — өз алаңында, екіншісі — қарсылас алаңында.
Еске сала кетейік, бұған дейін футзалдан «Қайрат» командасының 2025 жылғы Қазақстан чемпионы болғанын жазған едік.