«Қайрат» сапын бразилиялық футболшы толықтырды

АСТАНА. KAZINFORM – Эдмилсон де Паула Сантос Фильо алматылық «Қайрат» футбол клубы ойыншыларының қатарына қосылды. 

футболшы
Фото: «Қайрат» ФК

– «Қайрат» футбол клубы бразилиялық шабуылшы Эдмилсонмен келісімге келгенін қуана хабарлайды. Келісімшарт 2027 жылдың маусымына дейін жасалды, - деп жазды клубтың баспасөз қызметі. 

Эдмилсон де Паула Сантос Фильо Сан-Паулу штатында дүниеге келген. Ол футболдағы алғашқы қадамын «Вело Клубта» бастаған. 2019 жылдан 2023 жылға дейін Португалияда «Марко 09» және «Вилаверденсе» клубтарында ойнады. 

Футболшы өткен маусымда «Целемен» бірге Конференция лигасының ширек финалына дейін жетті. «Нью Сейтнске»-ке қарсы ойында екі гол соғып, көзге түсті. Бұл турнирде словениялық команда италиялық «Фиорентинадан» жеңіліп, жарысты аяқтаған болатын. 

Жалпы Эдмилсон словениялық клубтың жейдесінде екі маусымда 73 ойын өткізіп, 19 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Одан бөлек Словения Бірінші лигасы мен Словения кубогын жеңіп алды. 

Айта кетейік, футболшы алдағы ҚПЛ аясында «Жетісуға» қарсы матчта «Қайрат» сапында дебют жасауы мүмкін. 

Бұған дейін «Ертіс» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар