«Қайрат» - «Селтик» кездесуінде бірінші кезеңнен кейін есеп ашылған жоқ

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі алматылық «Қайрат» пен шотландиялық «Селтик» кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды.

 «Қайрат» - «Селтик» кездесуінде бірінші кезеңнен кейін есеп ашылған жоқ
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Қарсыластар алғашқы минуттан жылдам гол соғуға тырысты. Дегенмен өз мүмкіндігін пайдалана алмай жатты. Шотландиялық команда белсенділігін көрсете қойған жоқ. Есесіне «Қайрат» қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетті.

Әзірге таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. Есеп - 0:0.

Алғашқы кездесуде командалар 0:0 есебіне қанағат білдірген еді.

Алматылық футболшылар аталған турнирдің алғашқы үш іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0), Словакияның «Слован» (1:0, 0:1, пенальтиден 4:3) командасын қапы қалдырып кетті.

«Селтик» еурододадағы алғашқы ойынын плей-офф кезеңінен бастады.

Қазірге дейін «Селтик» командасының еурокубок ойындарында қазақстандық клубтармен үш мәрте жолы түйісті.

Алдымен 2013 жылы Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде қарағандылық «Шахтерді» (0:2, 3:0) орта жолда қалдырып, топтық кезеңге жолдама алды.

Ал елордалық «Астананы»2016 жылы Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде (1:1, 2:1), 2017 жылы плей-офф кезеңінде (5:0, 3:4) есебімен қапы қалдырды.

Соңғы жаңалықтар