«Қайрат» - «Селтик»: жанкүйерлер Орталық стадионға жиналып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Бүгін 21:45–те Алматының Орталық стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясында «Қайрат» пен «Селтик» арасында қарымта ойын өтеді.

«Қайрат» - «Селтик»: жанкүйерлер Орталық стадионға жиналып жатыр
Фото: А.Павский/Kazinform

23 мыңға жуық жанкүйерді сыйдыратын Алматының басты стадионы бүгін лық толмақ — барлық билет бірнеше сағатта сатылып кетті. Алаңға кіреберісте үлкен кезекті болдырмас үшін стадион есігі жанкүйерлер үшін сағат 18:45–те ашылды.

«Қайрат» - «Селтик»: жанкүйерлер Орталық стадионға жиналып жатыр
Фото: А.Павский/Kazinform

Қазір спорттық нысан айналасында мерекелік көңіл-күй орнаған. Көше бойында сары-қара ту көтеріп, алматылық клубтың жейдесін киген адамдардың қарасы көп. Ал стадион алдында асықпай келген жанкүйерлер кезекте тұр. Қоршаудан кейінгі аймақта ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылған.

«Қайрат» - «Селтик»: жанкүйерлер Орталық стадионға жиналып жатыр
Фото: А.Павский/Kazinform

Еске салайық, жанкүйерлердің біраз бөлігі арнайы ұйымдастырылған автобустар арқылы стадионға келді. Ойыннан кейін адамдар осы қоғамдық көлікпен тегін қаланың түкпір-түкпіріне қайта алады.

«Қайрат» - «Селтик»: жанкүйерлер Орталық стадионға жиналып жатыр
Фото: А.Павский/Kazinform

Стадион мен оның айналасында қауіпсіздікті 1,5 мың полиция қызметкері қамтамасыз етіп жүр.

«Қайрат» - «Селтик»: жанкүйерлер Орталық стадионға жиналып жатыр
Фото: А.Павский/Kazinform
«Қайрат» - «Селтик»: жанкүйерлер Орталық стадионға жиналып жатыр
Фото: А.Павский/Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар